«Физика біздеқонақта» Сайыс сабақ

«Физика біздеқонақта»

Сайыс сабақ

Жүргізуші: Бүгінгі сабақта қатысушылар 4 бөлім бойынша сайысады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділ қазы алқасы есептей отырады.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанарма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда деп сайысымызды бастайық!

І бөлім. Топтарға викториналық сұрақтар беріледі. (5 минут)

Физикалық викторина

    1.Заттың бөлінбейтін өте кішкентай бөлшегі.

      2.Дененің траектория бойымен жүріп өткен арақашықтығы?

      3.Элементар заряд?

      4.Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе?

      5.Өлшем бірлігі Ом физикалық шама?

      6.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?

      7.Күн сөзінің аудармасы?

      8.Әлемде не бар болса, соның бәрі қалай аталады?


    Д

    И

    Ф

    Ф

    У

    З

    И

    Я

    1.Қозғалыстың шапшаңдығын білдіретін шама?

    2.Металлдарды тартатын зат?

    3.Электрсыйымдылығының өлшем бірлігі?

    4.Физика ғылымындағы екінші ұстаз?

    5.Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық?

    6.Денелердің электрленуі?

    7.Мөлдір шыны?

    8.Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан?

ІІ бөлім

Логикалық сұрақтар (10 минут)

1.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
2.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
3.4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

4.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
5.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
6.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
7.Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
8.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
9.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
10.Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?

2 — топ

1.Түйеқұс 2 аяғымен тұрып 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
2.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
3.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
4.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
5.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
6.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
7.Немере атасынан: «Жасың нешеде? „деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
8.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
9.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
10.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

ІІІ бөлім

Физикалық формулалар мен заңдылықтар

Бұл бөлімде аталған заңдылықтардың формулаларын жазу керек (5 минут )

1 — топ

Ньютон заңдары

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Бірінші заңы

Үшінші заңы

Екінші заңы

2 — топ

Механикалық қозғалыстың

Потенциалдық энергиясы

Жұмысы

Қуаты

Кинетикалық энергиясы

IV – бөлім

Диафильмдерде қандай физикалық құбылыс туралы айтылғанын табу

Әділ-қазылар шешімін щығарып топтарды бағалайды…

С.М.Қойшығұлова

Физика пәнінің мұғалімі

Қырғаылды ауылындағы қазақ орта мектебі

Қарасай ауданы

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

Орыс тіліШаңырақ сайысы

Биология"Қызықты биология елінде!" сайыс сабақ

География«География әлемі» атты шоу сайыс сабағы

Информатика«Зерде интелектуалды ойыны»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141925

Пікірлер (1)
Админ # 10 қаңтар 2015 в 18:02 0
Сабағыңызға көп рахмет, сайтқа тағы да салып тұрады деген үміттеміз.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар