8 сынып химия пәнінен ашық шара жоспары

24 қыркүйек 2015 - Ажар Алтыбаева
8 сынып химия пәнінен ашық шара жоспары

Химия пәні

8-сыныптар

Күні: 12.12.2014ж.

Тақырыбы: «Танымдық ойын — білімділік кілті » химия кеші

Мақсаты:

1. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.

2. Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т.б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.

3. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.

Сайыстың кезеңдері:

1. «Ал, канекей, танысайық»сәлемдесу

2. «Жорға» сұрақ-жауап

3. «Кім жылдам?» жылдамдық сайысы

4. Жарнама «Химия айналамызда»

5. «Полиглот»

6. «Жеті жұрттың тілін біл»

7. Қорытынды

Химия кеші 8 «а»сынып оқушысы Сисенбаев Р. орындауында « Балбырауын » күйімен ашылады.

І бастаушы: — Армысыздар, құрметті ұстаздар, қымбатты сайысқа қатысушы оқушылар, жиналған қауым!

І бастаушы: -Бүгін сіздер мектебіміздегі химия, биология, география пән апталығының аясында өтіп жатқан «Танымдық ойын — білімділік кілті» кешінің куәсі болмақсыздар.

І бастаушы: Бұл кеште мектебіміздің 8 сынып оқушыларынан құралған 3 топ өз білімдерін

сарапқа салып, бақтарын сынамақшы. Ендеше сайыскерлерді шақыруға рұқсат етіңіздер.

І бастаушы: 8а сыныбының «Na»тобы

І бастаушы: 8б сыныбының «Fe» тобы

І бастаушы: 8в сыныбының «Mg»тобы

І бастаушы: Әр топтың сайысқа қатысатын кезегін анықтау үшін нөмір суыруларыңыз сұралады. (нөмір суырып болғаннан кейін сол рет бойынша тұрғызылады.)

І бастаушы: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар 1. Көкебаева А. Қ.

2. Сыдықова Г.

3. Траханова С.

І бастаушы: Сәлем беріп отырған жалпыңызға,

Беріктігін білдіріп салтымызға.

Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.

Жоқ ешкімнің шатасы,

Үлкендердің батасы.

Топ басшысы таныстыр

Сәлем — сөздің атасы.

Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі Сәлемдесу

І бастаушы: Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Басталмақшы кезеңіміз келесі

Сайыстың екінші кезеңі «Жорға» Сіздерге 1 минут беріледі, осы уақыт ішінде сұрақтар қойылады, қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгересің сонша ұпай аласыз, яғни әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1-топқа

1. Ең жеңіл газ? (Сутек).
2. Қай реакцияның нәтижесінде екі немесе одан да көп заттар бірігіп, жаңа бір күрделі затқа

айналады? (қосылу)
3. Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу кезіндегі процесті қалай атайды?

    (дем алу)

    4. Суда еритін негіздер (сілтілер)
    5. Екінші периодтағы элементтер саны (сегіз)
    6. Литийдің нейтрон саны (4)
    7. Сүттің ашуы қай құбылысқа жатады? (химиялық)
    8. Периодтық кестедегі №12 қай элемент (Магний)
    9. Әртекті қоспаларды қандай әдіспен тазартады? (тұндыру, сүзу)
    10. Атомдық массасы 16 тең қай элемент (оттегі)
    2 – топқа

11. Периодтық кестені ашқан ғалым (Д.И.Менделеев)
12. Химиялық реакцияның басты белгілері (жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі).

13. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды? (айырылу реакциясы)
14. Электртерістігі ең жоғары элемент? (фтор).
15. Реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсететін заң (зат массасының сақталу заңы)
16. Реттік нөмері № 17 қай элемент (хлор)
17. Күміс қасықтың қараюы қай құбылысқа жатады? (химиялық)
18. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

19. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі(молекула)
20. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді (сүзінді)
3 – топқа

21. Периодтық кестедегі табиғатта кездесетін элементтер саны (89)
22. Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын қалай атайды?

(атом-молекулалық ілім)
23. Тамаққа қолданылатын ас тұзының формуласы (NaCl)
24. Үш әріптен тұратын элементті ата (иод, бор)
25. Бірінші периодта орналасқан элементтер саны (2)

26. Мұнайдан бензин алу қай құбылысқа жатады? (химиялық).
27. «химиялық элемент» ұғымын енгізген қай ғалым? ( Р. Бойль ).
28. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі не? (ауа).
29. Темір таңбасының оқылуы (феррум).
30. Ядросында протон саны бірдей атомдар түрі.( химиялық элемент)
І бастаушы: Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында

Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,

Химия дәру болған сауығуға.

Жарыстың үшінші кезеңі «Кім жылдам?» Сөзжұмбақ «Шытырман»
Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырсаңыздар, химия зертханасында естеріңізде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережесін оқисыздар. Сөзді жоғарғы шеткі торкөзден бастау керек.

Әр торкөздегі әріп бір — ақ рет оқылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
х и ң д ә м ы д й
и м і д р і н м а
я л в т е а т л о
қ ы и т ы т р у б
р е а к п к ө г е

Жауабы: химиялық реактивтердің дәмін татып көруге болмайды.

Бұл кезеңде тақтаға бірнеше әріптер беріледі, соны пайдаланып химиялық элемент атауларын құрастыру

3 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Й И Л Ж Г Т Н Е З А М Р О Б

(БОР, АЗОТ, АРГОН, НЕОН, БРОМ, ТИТАН, НАТРИЙ, МАГНИЙ, БАРИЙ. ГАЛИЙ. ГЕРМАНИЙ, БОРИЙ, ТОРИЙ, РЕНИЙ, ИТТРИЙ, НИОБИЙ)

І бастаушы: Химия – жыр, әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы Қазақстан

Қойнауы алтын – күміс, жатқан аңыз.

Төртінші кезең Жарнама «Химия айналамызда» Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

Тұрмыста қолданылатын әр түрлі заттардың біреуіне химиялық құрамын, қолданылуын жарнамалайды.

І бастаушы: Ойхой, шіркін, мына заман аламан,

Аламанға шын жүйріктер жараған.

Дода жарып, алға шыққан ерекше

Еңбегіңді біз ерлікке балаған.

Бесінші кезең «Полиглот»ойынын бастаймыз. Әріптерді ретімен қойып, жауабын үш тілде айта білуі керек. (қазақша, орысша, латынша). Дұрыс жауапқа 5 ұпай, толық емес жауапқа 2 ұпай.

І бастаушы: Химияның әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Танырсыңдар табиғаттың ғажабын.
Алтыншы кезең «Жеті жұрттың тілін біл»(қазақша, орысша, латынша).Дұрыс жауапқа 5 ұпай
1. Өзім газбын менімен демаласың,
жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

(оттегі, кислород, оксигениум)

2. Ең жеңіл элемент саналады

Периодтық жүйе осыдан бастау алады

(сутек, водород, гидрогениум )

3. Өзі ауыр металлға жатады,

балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын, свинец, плюмбум)
4. Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны.

(темір, железо, фэррум)

5. Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.

(Күкірт, сера, сульфур )

6. Өзі жылтыр күмістей. Жеңілдігін ескерсең

Жұмсақтығы тағы бар. Пайдаланар жері табылар

(Алюминий, алюминиум)

І бастаушы: Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,

Болғанымен әркімнің де көңлінде.

Дарындылық адамзатқа жарасқан,

Ұтып алған алқа тұрса өңірде

Химияда болады көп ертегі,
Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!

«Білімді мыңды жығар» кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

ӘН: «Өркенде, шалқы химия» («Ұстазым» әнінің әуенімен)

Өркенде, шалқы химия

1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы – Қазақстан

Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия,

Өркенде, шалқы химия!

2. Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі — химия,

Тылсым ғылым бұл — химия!

3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында.

Ішсең –ас, кисең – киім, үй жиһазы

Химия дәру болған сауығуға.

Иіткен тас, саз, құмды да,

Сенен зор, өктем туды ма?

Соғысқа сорға, қатерлі жолға

Жұмсалмасын химия

Жұмсалмасын химия

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия.

(Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)

І бастаушы: Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

Ала берің жарыс сайын бас бәйге, — деп бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

Ұту ғана маңызды емес, қатысу да маңызды екенін ұмытпайық.

І бастаушы: Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды, ден қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103567

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар