Кальций. Кальций қосылыстары. Судың кермектігі

12 ақпан 2015 - Күлзия Есенқызы

Мамырканова Лира Нұқсиқызы

Астана қаласы, №56 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі

9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Кальций. Кальций қосылыстары. Судың кермектігі

Мақсаты: 1.Кальций және оның қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері және қолданылуы туралы білім жүйесін қалыптастырып, судың кермектігі, оны жою тәсілдері туралы білім беру.

2.Оқушылардың металдар және олардың қосылыстары туралы білімдерін жүйелеп, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, оларға экологиялық тәрбие беру.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, металл Са, су, әктас, СаО, Са(ОН)2, сынауықтар, шыны түтік.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен материал бойынша жұмыс

-Металдардың периодтық жүйедегі орны қандай?

-Металдардың физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

-Металдардың құрылысы қандай?

-Металдар қандай заттармен әрекеттеседі?

-Кендерден металл алудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

ІІІ. Топтарға тапсырма

Алдын ала берілген тапсырма бойынша топтардың жауаптарын тыңдап, талдау

І топ Кальций табиғатта қайда кездеседі? Кальций атомының құрылысы қандай?

ІІ топ Кальцийдің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттап, қажетті реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІІІ топ Кальций қосылыстарының қасиеттері және қолданылуы туралы айтып беріңдер

ІVтоп Кермек су дегеніміз қандай су, кермектіктің түрлері және кермектіктікті жоюдың қандай тәсілдері бар?

IV.Интерактивті тақтада деңгейлі тапсырма орындау

А- деңгей

Мына өзгерістерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар:

СаСІ2→Са→СаО→ Са(ОН)2→СаСО3→Са(НСО3)2

В- деңгей

Берілген заттардың: О2, S, CI2, H2, NaOH, H2SO4, CuSO4 ,HCI қайсыларымен

кальций әрекеттеседі?

С-деңгей

Егер кальций оксидін ұзақ уақыт ашық ыдыста сақтаса, оның массасы өзгереді. Себебін түсіндіріп, қажет реакция теңдеулерін жазыңдар.

V.Қызықты тәжірибелер

І топ

Судың лайлануы

Ізбес суының түссіз ерітіндісіне шыны түтікпен үрлейміз, су лайланады

Са(ОН)2 + СО2→ СаСО32О

Ізбес суы көмірқышқыл газымен әрекеттескенде лайланады.

ІІ топ

Сүттің суға айналуы

Кальций хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі. Түзілген ақ тұнбаға 20%-дық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап түссіз, мөлдір сұйықтыққа айналады.

СаСІ2 + Na22→ СаСО3 + 2NaСІ

СаСО3 + 2НСІ →СаСІ2 + CО22О

Есептер шығару

Ш топ

Массасы 3,42г сілтілік металл сумен әрекеттескенде (қ.ж) 0,448л сутегі бөлінеді. Бұл қандай металл?

ІVтоп

Массасы 500г ізбес тасын айырғанда 266г сөндірілмеген әк алынды. Сөндірілмеген әктің теория бойынша шығымы қандай?

VІ. Химиялық диктант

1.Сілтілікжер металдардың таңбаларын жазыңдар.

2.Кальций қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

3.Кальций тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?

4.Кальций жалынды қандай түске өзгертеді?

5.Сөндірілмеген әктің формуласы қандай?

6. Әк суын қандай реактивпен анықтаймыз?

7. Ғаныштың формуласы қандай?

8.Кальций оксиді қандай оксид?

9.Кермек суда қандай катиондар бар?

10.Кермектікті жоятын реактивтердің формуларын жазыңдар.

VІІ. Сабақты бекіту

1.Кальций атомының құрылысы қандай?

2.Кальций табиғатта қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

3.Кальцийдің физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

4.Кальцийдің химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

VІІІ. Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімдерін бағалау.

ІX. Үйге тапсырма: §35,36,37 124 бет 10,11 есептер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115529

Пікірлер (1)
акнур # 15 желтоқсан 2015 в 11:37 0
сабағыңыз жүйелі тапсырмалары оқушылардың орындауына жақсы екен.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар