Металдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Cабақтың тақырыбы: Металдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты:

жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тақырып бойынша алған білімін, өз ойын жеткізе білуге, өздігінен ізденіп еңбек етуге дағдыландыру.

1. Білімділік:– Оқушыларға қазақ халқының ежелден және осы кезде пайдаланып келе жатқан металдары мен құймалары, металдардың алыну технологиясы, адамға аса қажеттілігі туралы білім беру.
2. Дамытушылық:– Оқушылардың ізденушілік, танымдық және пәнге қызығушылығын дамыту; Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік:
Туған елге, жерге, оның байлығына деген мақтаныш сезімін дамыту, металдарды орынды пайдалана білу үшін – экологиялық тәрбие беру, мамандық таңдауға деген көзқарастарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар металдардың физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата біледі.

2.Металдардың табиғаттағы адам өміріндегі маңызы туралы біледі.

Қолданылатын әдістер: Ойлан, жұптас, талқыла, ой- қозғау, тірек- сөздер.
Көрнекі құралдар:интерактивті тақта; слайдтар,

Сабақтың жоспары:
Оқушының танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру, үш топқа бөлу.Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлу. 3мин

Ітоп- ас тұзы

ІІ топ- машина

ІІІ топ – алма
І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.(Оқушыларға Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңін оқи отырып, оқушылардан өлеңде неше металл элементтің аты аталатындығын табу жөнінде тапсырма беріледі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 — шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орнын сұрама сен
Айтуға оны ұялам
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан. элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас — талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп — сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?
Өз орынын күте — күте кеткен алтын сарғайып.
7минІІ. Мағынаны тану. видео ролик 3мин

1.Бейнефильмнен не түсіндіңдер?

2. Бұл бейнефильмнен қандай қорытынды шығарар едіңіздер?

«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам,
бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес»(Қ. Сәтбаев)

Сабақтың тақырыбы: «Металдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» анықталады. Тақтаға жазылады.
І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т. б метал үлгілері)
ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
ІІІ топ тапсырмасы. Құрамында металдар бар тағамдар туралы мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, к «Ойлан, жұптас, талқыла » стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды… Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады.иви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т. б)

12 мин
ІІІ. Ой толғаныс. 8мин
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.
І — топ
1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/
2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)
3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/
5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)

ІІ — топ.
1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/
3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері. (80%)
4. Металдардың және оның құрамаларының айналадағы ортамен әрекеттесіп, бүлінуі.
/Коррозия/
5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)

ІІІ — топ.
1. Бастапқы буыны палуанға тән, екінші буыны өнерпазға тән элемент? (Күш — ән)
2. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент? (магний)
3. Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент? /Европий/
4. Ең қатты металл (хром)
5. Пышақпен кесуге болатын металдар (натрий, кальций)

Б) «Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).
1. Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады (қорғасын, свинец, плюмбум)

2. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)

3. Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. (темір, железо, феррум)

4. Ел іші -… бесік (алтын, золото, аурум)
5. Батыр майданда шыңдалады,
… қайнауда шыңдалады. (темір, железо, феррум)
ОЖСБ нұсқау кітапшасынан есептер беру.
IV. Бекіту

Тірек сөздер стратегиясы (Мұғалім тірек сөздер береді, оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды.)
Және, кепілі, өте, қойнауы, техниканың, одан, бай, Отанымыздың, дамуының, металдар, мен, әрі, қазіргідей, жетуінің, дәрежеге, ғылым, жер, металдарға, бірден — бір.
(Отанымыздың жер қойнауы металдарға өте бай. «Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің және одан әрі дамуының бірден – бір кепілі»)

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тақырып шеңберінде алған білімдерін бағалау.

Бағалау парақтарын жинап алу.
Үйге тапсырма: «Металдар бейбіт заманға керек пе» – эссе жазу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150749

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар