Әдіс бірлестіктер

RSS-лента
12 наурыз 2014 - Асем Тургалиева | Толығырақ | 0 пікір | 43244 көру
Тегтер: жоспар
«Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім»(ашық жиын)

Oқушыларға еліміздің елдігін танытатын oның өшпес тілі екендігін ұғындыра, оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру, ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету.

3 мамыр 2014 - гульнар нарымбекова | Толығырақ | 3 пікір | 12165 көрілім
Тегтер: ашық жиын, апталық

Жас ұстаздардың мұғалім мамандығын терең түсінуге, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті үнемі есте ұстауға, шыдамдылыққа, төзімділікке, ізденімпаздыққа баулу. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеуге бағыт-бағдар беру.

1-жүргізуші Сафура, 2-жүргізуші Сабина

1-жүргізуші: (сахна сыртынан) « Эврика! Эврика! Шешті, шешті. » деп айғайлайды

2- жүргізуші: Сафура, Эврика деп айғайлайтындай Архимед ата түсіңе кірді ме?

1-жүргізуші: Жоқ, шешті, шешуі табылды!

2- жүргізуші: ненің шешуін?

Математика, информатика және физика пәндер бірлестігі әдістемелік апталығының есебі

Тақырыбы:

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын қолданып, әрбір оқушының білім алуға қажеттілігін тудыру

Математика

Оқушылардың жазба жұмыстары мен жұмыс дәптерлері туралы.

1.Жазба жұмыстарының түрлері.

2.Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің саны мен арнауы.

3. Дәптерлердің жүргізілу тәртібі.

1.1. Оқушылардың сынып және үй жұмыстарына арналған жазба жұмыстарының негізгі түрлері жаттығу жұмыстары болып табылады.

1.2. Математика пәнінен ағымды және қорытынды, бақылау, өздік жазба жұмыстары, тест түріндегі білім денгейін тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Ағымды бақылау жұмыстарының мақсаты оқушының бағдарламалық оқу материалын игеруін анықтайды; олардың мазмұны мен жиілігін мұғалім оқу материалын қиындық денгейіне, сонымен қатар әр сыныптың ерекшеліктеріне қарай реттейді. Ағымды бақылау жұмысына толық бір сабақ көлемін немесе сабақтың бір бөлігін арнайды.

«Есепші» мамандығы бойынша кәсіптік цикл бірлестігінің

2014-2015 оқу жылына

арналған жұмыс жоспары

Мақалада білім беру сапасын көтерудегі, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру бағыттарының бірі бейімді-бағдарлы оқытудағы құзыретіліктері мен мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ бағдарлы деңгейдегі географияны оқытудың міндеттері сараланып дифференциациялау мен жекелей оқыту принциптерін жүзеге асыру жайлы баяндалады.

"Зерде"  әдістемелік-бірлестік жетекшісі  Базаргүл Алтынбекқызы.

Әдістемелік бірлестік (ӘБ) — бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша әдістемелік, тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті жүзеге асыратын жалпы білім беретін мекеменің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.

14 қазан 2016 - Админ | Толығырақ | 0 пікір | 126 көрілім
Тегтер: әдістемелік, мақсаты, бірлестік

Сәулелі ұстаз жолы

 

          Киелі мекеннің  тумасы  Малбаева Гүлбарам Дүйсебекқызы “ұстаз болсам” деген асқақ арманымен  жоғарғы оқу орнына түсу үшін 1975жыл Алматы қаласына барады. Білімнің ордасы болған жасыл желекке оранған Алматы қаласы ерекше әсемдігімен көз тартады. Алатау баурайында орналасқан нұрлы қаланың келбеті нәзік жанды бойжеткенді жатырқамай бауырына басқандай болды. Көк аспанмен таласқан Көктөбе асыл арманына қанат бітіргендей. Бір-бірімен жұмысы болмай арлы-берлі асығыс-үсігіс буырқанған теңіз толқынындай жүріп бара жатқан астаналық бейтаныс адамдарға бұрымды қыз-Гүлбарам аңтарыла қарап  шуақ шашқан Түркістаннан келгенін, “оқуға” түскісі келетінін дауыстап-ақ айтқысы келді оларға.”Шіркін, Алматыда қалсам, білім көкжиегімді кеңейтіп Қазақстанның  әр өңірінен келген өз тұрғыластарыммен жақынырақ танысып аралас-құралас дос болар ма едім?!” деп, ойланды балауса бойжеткен. 

15 қазан 2016 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 39 көрілім
Тегтер: әдіскер

Филология ғылымының   кандидаты   әрі  әдіскердің    тынымсыз  еңбек жолы

 

         Үрімова   Рахила   Кенжебекқызы 1975 жылы 8 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданында туылған. “Сыр өңірі – жыр өңірі” деп тегін айтылмаса керек-ті. Сыр тұнған туған  жердің  табиғатынан нәр ала  ой-санасы,  дүниетанымы   өскен Рахила мектеп қабырғасында жүргенінде әдебиетке құмарта  тілді ерекше қастерлейтін. Үлкен  дүниетаным,  кең білімге  жол ашады.  Кең  дүниетаным,  кемел  дарын,  мол  білім  ұштасқанда  ғана  шығармашылық  табысқа  жетпек. Рахила томаға-тұйық өспей, шығармашылық жолында іздене жүріп, оқу-білімін  молайтты. Тапқан  жаңалығын  әйтеуір  көзге  түсіп қалу  үшін   қолдана  бермейді, ой  елегіне  салып, көңіліне  дөп келсе ғана  өз керегіне  жаратады.  Ол – тынымсыз жан. Өзіне де, өзгеге де тыныштық  таптырмай ізденумен жүреді.  Енді, кейіпкеріміздің   еңбек     жолының  баспалдақтарына   көз   жүгіртейік.

15 қазан 2016 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 42 көру
Тегтер: әдіскер

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru