Оқушылардың жазба жұмыстар мен жұмыс дәптерлеріне талаптар

9 наурыз 2015 - Майра Нурханова

Математика

Оқушылардың жазба жұмыстары мен жұмыс дәптерлері туралы.

1.Жазба жұмыстарының түрлері

1.1. Оқушылардың сынып және үй жұмыстарына арналған жазба жұмыстарының негізгі түрлері жаттығу жұмыстары болып табылады.

1.2. Математика пәнінен ағымды және қорытынды, бақылау, өздік жазба жұмыстары, тест түріндегі білім денгейін тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Ағымды бақылау жұмыстарының мақсаты оқушының бағдарламалық оқу материалын игеруін анықтайды; олардың мазмұны мен жиілігін мұғалім оқу материалын қиындық денгейіне, сонымен қатар әр сыныптың ерекшеліктеріне қарай реттейді. Ағымды бақылау жұмысына толық бір сабақ көлемін немесе сабақтың бір бөлігін арнайды.

Қорытынды бақылау жұмысы:

-бағдарламаның ең негізгі тақырыптарынан кейін,

-тоқсан аяғында

— жарты жылдықтың аяғында жүргізіледі.

Мұғалім мен мектеп әкімшілігінің келісімімен ағымды және бақылау жұмыстарын өткізу кестесі құрылады. Жазба бақылау жұмыстарын тоқсан аяғына шоғырландырмай, әр сыныпқа бақылау жұмыстарын тоқсан бойынша бірдей мөлшерде бөлу қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлайды.

Тоқсанның бірінші күні, мерекеден кейінгі күні, аптаның бірінші күні бақылау жұмыстарын өткізуге болмайды.

Бақылау түрлерінің мақсатына қарай өздік және тестілеу жұмыстарына толығымен бір сабақ, сонымен бірге сабақтың бөлігі арналады.

2.Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің саны мен арнауы

2.1.Математика пәнінен жаттығу жұмыс түрлеріне арналған оқушылық дәптерінің саны келесідегідей:

2 жұмыс дәптері – 5-6 сыныптарда

3 жұмыс дәптері – 7-9 сыныптарда (2 алгебра, 1 геометрия)

2 жұмыс дәптері – 10-11 сыныптарда (1 алгебра және анализ бастамалары, 1 геометрия)

2.2 Математика пәнінен бақылау жұмыстары арнайы дәптерге орындалады. Арналған дәптерлер мектепте сақталады және қажет кезінде (бақылау жұмысы, қатемен жұмыс) оқушыларға таратылады.

Бақылау жұмыс дәптерлері:

-5-6 сыныптарда – 1 бақылау жұмыс дәптері

-7-9 сыныптарда – 2 бақылау жұмыс дәптері (1 алгебра, 1 геометрия)

-10-11 сыныптарда – 2 бақылау жұмыс дәптері (1 алгебра және анализ бастамалары, 1 геометрия)

3. Дәптерлердің жүргізілу тәртібі

Оқушы дәптерлеріндегі жазулар келесі талаптарға сай болуы керек:

2.2.Дәптердегі жазу ұқыпты және түсінікті болуы.

2.3.Дәптердің сыртын бірдей талапқа сай және неге арналғанын көрсетіп толтырылуы.

2.4.Жұмыстардың орындалу мерзімінің қойылуы.

Математика дәптерінің жолағына орындалу мерзімі цифрмен жазылады. Мысалы: 05.11.10 ж.

2.5.Сабақтың тақырыбы жеке жолда жазылады.

2.6.Жаттығудың нөмірі, орындалған жұмыс түрлері (өздік

жұмысы, тест), жұмыс қайда орындалғаны (үй жұмысы, сынып жұмысы) жазып көрсетіледі.

Мысалы: Сынып жұмысы

№ 124

2.7.Жаңа жолды сақтау.

2.8.Сынып және үй жұмыстарынан кейін – 4 тор көз, әр

тапсырмадан кейін 2 тор көз қалдырылады.

2.9.Сызба мен салу жұмыстары сызу құралдарының

(қарындаш, сызғыш, циркуль) көмегімен орындалады.

Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі.

2.10.Оқушылардың математика пәнінен үй және сынып жұмыстарына арналған дәптерлерді тексеру талаптары:

-5 сыныпта барлық оқушылардың үй және сынып жұмыстары жыл бойы күнделікті тексеріледі.

-6 сыныпта барлық оқушылардың үй және сынып жұмыстары І жартыжылдықта күнделікті тексеріледі.

-7-9 сыныпта нашар үлгеретін оқушылардың дәптерлері күнделікті, ал қалған оқушылардың дәптерлері аптасына 1 рет тексеріледі.

-10-11 сыныпта күнделікті нашар үлгеретін оқушылардың дәптерлері, ал айына 2 рет қалған оқушылардың дәптерлері тексеріледі.

2.11.Барлық оқушылардың бақылау жұмыстары тексеріледі.

2.12.Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді

сақтайды:

-5-8 сыныпта жұмыс келесі күннің сабағына дейін тексеріледі.

-9-11 сыныпта жұмыс келесі күннің сабағына дейін немесе 1-2 сабақ өткеннен кейін тексеріледі.

2.13.Мұғалім бақылау жұмыстарын тексергеннен кейін қатемен

жұмыс жүргізеді және дәптерлерді жыл бойы сақтайды.

2.14.Тексерілетін жұмыстарда мұғалім жіберілген қателерді

көрсетеді және түзетеді. Математикадан 5-9 сыныптардың дәптерлері мен бақылау жұмыстары тексергенде жіберілген қателердің астын тек сызады және жолақта белгіленген қатені оқушы өзі түзетеді:

-Қателер тек қызыл түсті қаламмен түзетіледі.

2.15.Оқушылардың бақылау жұмыстарының бағалары журналға

түсіріледі. Егер өздік жұмысы толық сабаққа жоспарланбаса, онда өздік жұмысына (тест) қойылатын бағалар іріктеліп, мұғалімнің таңдауымен қойылады.

2.16.Оқушылардың жазба жұмыстары тексерілгеннен кейін

мұғалім типтік қателердің болдырмауын ескертетін тапсырмалар, қатемен жұмыс береді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға​ Математиканы оқытуда ББД бағалаудың нормасы

ҰстаздарғаОқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Жаратылыстану бағытыКритериалды бағалауды сабақ үдерісінде тиімді қолдану

Ұстаз үніБАҒАЛАУ. ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

БастауышӘдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148540

Пікірлер (4)
Айткул # 31 шілде 2015 в 23:03 0
рахмет.біраз мағлұмат алдым.
Жандос # 26 сәуір 2016 в 10:36 0
кДым жоқ қой мына сайттарыңда. Луче жаба салыңдар
Багила # 26 сәуір 2016 в 00:50 0
рахмет. бұйрық номерлери бар ма
Саламат # 19 мамыр 2016 в 23:09 0
рахмет, өте жақсы және түсінікті жазылған.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар