«Ана тілінің үздік оқушысы» сайысы

29 қазан 2015 - Бақыт Қадырқызы

5 – сынып

«Ана тілінің үздік оқушысы» сайысы

Мақсаты: Теориялық жағынан білім дайындығы жоғары оқушыны анықтау,

оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру, оқушының бойында

білік – дағды қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін, талдау машығын

жетілдіру, үздік оқушының сынып алдындағы беделін көтеру.

Қажетті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парақшалары, суретті

картиналар.

Жүрісі:

І. Ұйымдастыру

1.Сынып оқушыларының қатысы.

2.Жеребе арқылы сайысқа қатысатын оқушыларды іріктеу. 5 оқушыны шығару.

3.Әр оқушының жанкүйерлерін тағайындау.

4.Қазылар алқасын бекіту. Мұғалімдер және жоғары сынып оқушылары.

ІІ. 1 – тур тапсырмасы.

«Қазақ тіліне тән дыбыстар» тақырыбына мақал — мәтел.

«Ә» — «Әдепті бала – арлы бала».

«Ө» — «Өзін — өзі мақтаған өліммен тең»

«І» — «Бірлік болмай, тірлік болмас»

«Ұ» — «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

«Һ» — «Қаһарлы сөз, қамал бұзар»

«Ғ» — «Ағасы бардың, жағасы бар»

«Қ» — «Қызға қырық үйден тыйым»

«Ү» — «Үлгілі үйдің ұл – қызы ұялтпайды»

«Ң» — «Ең жақсы тіл – ана тілі»

2 – тур тапсырмалары

«Қызықты грамматика» тақырыбы бойынша қатысушылар блиц – сұрақтарға жауап береді. Әр оқушыға 5 сұрақтан:

1 – оқушы

1. Мәтін деген не?

2. Лексика нені зерттейді?

3. Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді?

4. Зат есім туралы айт.

5. «Қарлығаш» деген сөзге фонетикалық талдау жаса.

2 – оқушы

1. Омонимдер деген не?

2. Дыбыс үндестігінің түрлері.

3. Сөйлем дегеніміз не?

4. Сын есім нешінші сөз табы?

5. «Аққулар» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

3 – оқушы

1. Синоним деген не?

2. Қазақ тілінде әріп нешеу, дыбыс нешеу?

3. Буынның түрлері.

4. Көнерген сөздердің қандай түрлері бар?

5. «Бұлбұлдай» сөзіне талдау.

4 – оқушы

1. Дауыстылар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

2. Табу сөздер

3. Түбір мен қосымша

4. Эвфемизм деген не?

5. «Сандуғашы» сөзіне талдау.

5 – оқушы

1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

2. Екпіннің неше түрі бар?

3. Диалект деген не?

4. Орфография мен орфоэпия деген не?

5. «Шағалам» сөзіне талдау.

3 – тур тапсырмалары.

«Кім көп біледі?» жаңылмай 10 ырым – тыйым сөз айту.

4 – тур тапсырмалары.

«Кейіпкерлер елінде» тақырыбындағы сайыста әдебиет бойынша сұрақ беріледі.

1.Кемпір – шалға аң мен құстың етін қақтап, үйіп береді де, ол жолға шығады. (Төстік)

2.Сондай күшті болыпты. Алысқанын жығыпты, аң аулап әкесіне жәрдемдесіпті. (Кендебай)

3.Мұздан төсек, жерден жастық, қардан жамылғы қып жата қалсам, жылы төсекте өлген адамдай ұйықтаппын да қалыппын. (Тазша бала)

4.Ол шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өтіп, Ұлытаудың бас жағына кеп дүние салыпты. (Асан қайғы)

5.Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман. (Қазыбек)

6.Бізді осы араға тастасаң, ит – құсқа жем боламыз ғой, бізге кім пана болады? Ащы күннің аптабына қалай шыдаймыз? (Ажар)

7.Тағы да бір бар сауалым,

Көп жауады қайда жауын?

Білсең, апа, айтшы! (Толағай)

8.Ал, балам, әжең екеумізді қажай беруші едің ғой, әңгіме — жырдың дүкені, міне, жаңа келді. (Ұлжан)

9.Құстың ең алғыр болатын кезі екі мен үш түлектің тұсында, оған дейін алаңғасарлау болады. (Ахмет)

10.Уай, мынауың болмайды. Ең алдымен адамға бас керек. Онсыз өмір оған молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз өмір құраннан жаман. (Шеген)

11.Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол! (Шоқан)

12.Уәделескен он бес тиынды әкел. Мен бай кісі емеспін, ол маған тамақ болады. Жетпіс тиынды ауылдағы отырған әжеме жіберем. (Қажымұқан)

13.Жеп келем, жеп келем туғалы!

Адам боп жүргенім сондықтан! (Қария)

4 – тур тапсырмалары

«Шешендіктің сәні – сөз» қатысушылар жеребе бойынша таратылған тақырыпқа мәтін әңгімелеп айтады. Өлең немесе қара сөз.

1.«Қонақжай қазағым»

2.«Жақсы дос үшін – жан пида»

3.«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

4.«Жігітке жеті өнер де аз»

5.«Көктемді қондырып қанатына»

5 – тур тапсырмалары.

«Ұшқыр ой» тақырыбында логикалық сұрақтарға жауап.

1.Жұмулы көзбен нені көруге болады? (Түс)

2.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (Мысық)

3.Теңізден қандай тастар табылмайды? (Құрғақ)

4.31 ақпанда не болды? (31 ақпан жоқ)

5.Күзетшінің бөркіне торғай қонса, оның не істеп отырғаны? (Ұйықтап отыр)

6.Дүниедегі ең шапшаң не? (ой, қиял)

7.Мұрныңа төніп тұр, бірақ қолмен ұстай алмаймыз? (иіс)

8.Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? (көз салады)

9.Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (100)

10.Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (Іші толы бөшкеге)

6 – тур тапсырмалары.

«Кім жылдам?» қатысушы оқушылар қағазға жазылған әріптен басталатын сөздер айту керек.

5 оқушыға 5 әріп – е, қ, м, о, ш. Әріптерді жеребе арқылы суырады.

7 – тур тапсырмалары.

«Өнерлі бала — сүйкімді» кезеңінде оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушыларды марапаттау

Сөз кезегі – қазылар алқасында.

Сонымен сыныптың үздік тілші оқушысы –

Жүргізуші: Ана тілім – жүрегісің анамның,

Жүрек – ана – мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның?!

Жүргізуші: Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе?

Туған тілім, егер сені ұмытсам!

Барлығы хормен: «Қазақ тілі» әні

Қазылар алқасы:

1. Сайрангул Қамбар – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

2.Айтмухамбетова И– 10 – сынып оқушысы

3.Кенжебаева Зухра – қазақ тілі пәні мұғалімі

4.Каражанова Нұрсұлу – 10 – сынып оқушысы

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліСайыс "Ана тілі - білімнің кілті"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124351

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 3 қараша 2015 в 11:49 0
Ұнады, тамаша сайыс.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар