Денсаулық фестивалі

20 қыркүйек 2015 - Алтынгүл Берсүгірова
Денсаулық фестивалі


Қармақшы ауданы

Қызылтам елді мекені

№79 негізгі мектебі

Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

2015-2016 оқу жылында 1-7 қыркүйек аралығындағы

«Денсаулық апталығы» акциясына

АНЫҚТАМА

«Денсаулық апталығы» акциясының ашылу салтанатты линейкасы

1 қыркүйекте өтті. Іс-шарасы жасалып таныстырылды. 2 қыркүйек сағат 1100 -де «Денсаулық фестивалі – 2015» шарасы аталып өтті. Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Гимні мен басталып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е. Ержанов мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Берсүгіроваға рапорт тапсырды. Фестивальге 1-9 сынып аралығында 75 оқушы қатысты.

Қазақтың ұлттық «Қара жорға» биіне барлық сынып оқушылары биледі.

1-4 сыныптар арасында жарыстар, эстафеталық ойындар өткізілді. 5-9 сыныптар арасында және мектеп мұалімдері 100 метрге, 1000 метрге жүгіруден, орында тұрып секіруден жарыстар өтті. Сынып жетекшілері белсене қатысты. Жарыс соңында жеңіске жеткен сыныптар грамоталармен мадақталды.

3 қыркүйек күні «Салауатты-саулық негізі» атты тәрбие сағаттары әр сыныпта өтті. Тәрбие сағаттарын сынып жетекшілер өз дәрежесінде өткізді.

4 қыркүйек күні «Салауатты өмірді қолдаймыз!» тақырыбымен суреттер мен плакаттар байқауы өткізілді.

5 қыркүйек күні мектеп психологы А. Тұңғышбаева «Денсаулыққа қадам басайық» тренингін 5-9 сыныптар арасында өтті. «Ауру жоқтың бағы бар» көрсетілімін мектеп медбикесі А. Қарымсақова 3-4 сыныптар арасында өтті.

6 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалінің» жабылу салтанаты сыныптар арасындағы футбол ойынымен аяқталды. Шара соңында мектеп оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.

Тәрбие ісінің орынбасары: А. Берсүгірова

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСеміздік және оның денсаулыққа әсері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096913

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар