Қош келдің,Жаңа жыл!

9 тамыз 2016 - Нуржан Сагимбеков

«ҚОШ  КЕЛДІҢ, ЖАҢА  ЖЫЛ»   МЕРЕКЕЛІК   КЕШІНІҢ  ІС-ШАРАСЫ

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Көк  шыршаға  шамнан  алқа  тағайын,

Қуанышқа  толтырайын   маңайын.

Көргендер  де, көрмегендер  де  арманда,

Жаңа  жылың  құтты  болсын  ағайын!

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Осы  кеште  жұлдыз  болып  жанайық,

Қайран  қалып  тамсанарсың  талайың.

Бар  балағы  нұр, қуаныш  әкелген,

Жаңа  жылың  құтты  болсын, ағайын!

3-ЖҮРГІЗУШІ:

Оу, жарандар,

Ал  қараңдар,

Жауып  тұр  қар  себелеп.

Көкке  толды,

Жерге  қонды

Сансыз  аппақ  көбелек.

Тыс  алыстан,

Күн, Марстан

Келіп  Аяз  атамыз,

Жылды  тойлап,

Билеп-ойнап

Көп  қызыққа  батамыз!

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті  халайық. Бүгінгі  «Қош  келдің  жаңа  жыл»  атты  кешіміз   телеарналарда  өткізіліп  жатқан  «Саз  әлемі», «Айгөлек», «Жайдарман»,  « Жұлдызды  сәт»  байқауларының  желісінде   өткізілмек.

Осындай  қызықты  сайысымыздың  куәсі  болыңыздар!

 

2-жүргізуші: Олай  болса  көңіліміздің  керегесін  кеңейтіп, баршамызға  береке  сыйлар  мерекелі  кешіміздің  шымылдығын  ашуға  рұқсат  етіңіздер!

1-жүргізуші: «Жақсы  сөз-жарым  ырыс!»-деп  дана  халқымыз  айтқандай, жүрекке  жылылық  ұялатар  алғашқы  жаңа  жылдық  құттықтауымен  ортамызға  ақыл-ойы  жетілген, саналы  ұрпақты,  сезімі  сергек, арманшыл  дана  ұрпақты  тәрбиелеп  жатқан  білім  ұясының  білікті  басшысы  келіп  отыр. Олай  болса, ортаға  жас  та  болса  бас  болған  Ерсін  Серікбосынұлын  шақырайық.

3-жүргізуші: Ерсін  Серікбосынұлы  тілек  айтпастан  бұрын  өзіңізге  сауалдар  қойсақ  деген  ниетіміз  бар? Жауап  беруге  дайынсыз  ба?

-Ең  алғаш   Жаңа  жылды  қарсы  алған  сәтіңіз  есіңізде  ме?

1-жүргізуші: — Сол  кезде   Аяз  атаға  арнап  қандай  тақпақ  айтқан  едіңіз?

2-жүргізуші: — Сол  тақпақты  бүгінде  Аяз  ата  келген  кезде  айтып  бере  аласыз  ба?

3-жүргізуші: Жаңа  жыл  қарсаңында  басыңыздан  кешкен  оқиғаңыз...

1-жүргізуші: Көрермендерге  тілегіңіз...

2-жүргізуші: Дәстүр  бойынша  қонақ  кәде… Ортамыздан  қоштасып  кеткелі  отырған  ескі  жыл  иесі  ұлуға  арнап, бір  ән  жолдасаңыз...

(жарнама  рекламасы  ойналады)

Армысыздар, құрметті

Боран  соқса  да  қажымайтын,

Жел  тұрса  да  желпінбейтін

Қалың  қарда  мойымайтын,

Қайсар  да  қажырлы

Бидайық  тұрғындары, -

Тікелей  эфирде  «Қазақстан-Бидайық»  телеарнасы  өз  жұмысын  бастайды. Студияда  мен  ескі  жыл  иесі – Ұлумын!

           Қыс  келді, ең  керемет  ғажап  кезең,

           Аппақ  қар, мұз  жамылып  алды  өзен.

           Айнала, пәк  табиғат  неткен  ғажап,

           Бұл  кезде  қуанышқа  толы  сезім.

Міне, араға  жыл  салып  өздеріңізбен  тағы  жүздесіп  отырмын. Мен  өздеріңмен  365  күн, 365  түн  бірге  болдым. Міне, санаулы  сәттерден  соң  өздеріңмен  қоштасамын. Өздеріңмен  қоштаспас  бұрын  менімен  бірге  оқуда  озат  болып, қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласқан  сыныптарды  марапаттағым  келіп  тұр. Осы  оқу  жылы  басталғалы  бүгінгі  күнге  дейін  журналдағы  бағаларыңды  салыстырып  қарап  көрдім, ең  бестік  бағасы  көп  «8»  сынып  оқушыларын   «Жылдың  білімді  сыныбы»  номинациясымен   марапаттасам  деймін.

  Мектепте  өткен  сайыстарда  ерекше   көзге  түсіп  жүрген  5  сынып  оқушыларын   «Жылдың  өнерлі  сыныбы»  номинациясымен  марапаттаймын.   Қандай  істе  де  жұмыла  кірісіп  кететін  6  сынып  оқушыларын  «Жылдың  ең  ұйымшыл  сыныбы»  номинациясымен  марапаттаймын.  Жыл  бойы  өздерінің  тәртібімен  көзге  түскен  7  сынып  оқушыларын  «Жылдың  ең  тәрбиелі  сыныбы»  номинациясымен  марапаттаймын.

  Сондай-ақ,  облыстық   «Айналайын»  атты   білім  байқауларына  қатысып  үшінші  орын  алып  келіп,   мектебіміздің  дәрежесінің  асқақтауына  өз  үлесін  қосқан  6  сынып  оқушысы  Жанарбек  Әсемайды  осыдай  сәтте  құрметтегім  келіп  тұр. Қол  соғып  қошемет  көрсетейік.

Ал, балалар! Жаңа  жылда  жетістіктерің  бұдан  да  көп  болсын!

Мені, «Жаңа  жыл»  иесі  деп  қарсы  алғанда  Жәлелов  Әсет  тамаша  ән  жолдап  еді. Енді  Әсеттің  тамаша  әнін  тыңдап  алып, өздеріңмен  қоштассам  деймін.

( Ескі  жылмен  қоштасу)

1-жүргізуші:

Қымбатты  көрермендер!  Аңдатпаға  назар  аударайық.

АҢДАТПА:

1700-де      ауа  райы

1715-те  «Саз  әлемі»  ән  байқауы

1730-да   «Қош  келдің  Аяз  ата» қарсы  алу

1800-де    «Айгөлек»   жасөспірімдер  арасындағы  би  байқауы

1830-да    Жыл  иесі  жыланды  қарсы  алу.

1845-те    «Жайдарман»  КТК  сайысы

1900-де     «Жұлдызды  сәт»  байқауы

1915-те    «Аяз  атаны  шығарып  салу»

1930-да     Қортынды  жаңалықтар

2000-де     «Ас  -  адамның  арқауы»

2030-да    «Кел, билейік  достар!» Би  кеші.

 

2-жүргізуші: Енді  назарларыңызға  «Бидайық — Гидромет» орталығының  жетекшісі  Ернұр  Төлегенұлының  болжауы  бойынша  белгіленген  ауа  райын  ұсынамыз!

(Ауа  райының  музыкасы  ойнатылады)

Ернұр  Төлегенұлы:  Армысыздар, аяулы  ауыл  тұрғындары!  27 желтоқсан  бейсенбі  күніне  арналған  ауа  райымен  таныс  болыңыздар.

  «Бидайық-Гидромет»  орталығының  болжауы  бойынша  мектеп  маңайында    тұрғындардың   көп  жиналуына  байланысты  ауа  температурасы  +30  градусты  көрсетіп  тұр. Дәл  қазір  аспанда  күн  жоқ, жер  аппақ  қар,  себебі  қыс  мезгілі.  Сенбесеңіздер  далаға  шығып  көріп  келіңіздер.

           Тораңғыда  ауа  райы  0  градуске  тең. Көктал  жақтан   асықпай, жай  ғана  жел  соғады.  Қар  күреп  әуре  болмаңыздар, желмен  ұшып  кетеді.

           Ауылдың  ортаңғы  бөлігінде  ауа  райы  15  градус.Тораңғыдан  ескен  жел  сіздер  төменде  тұрғандықтан  үстіден  өтіп  кетеді, алаң  болмаңыздар!

           Өлке  жақ  пен  төменгі  ауылдың  ауа  температурасы  бір  қалыпты. Парктеріңіз  болғандықтан  жел  сіздерге  жетпейді.

           Жаңа  ауылда  ауа  райы  жылылықты  көрсетіп  тұр. Жаңа  ауыл  тұрғындары    туфлимен  шықсаңыздар, мектепке  жақындағанда  пима  кибге  тура  келеді.

           Назар  қойып  тыңдағандарыңызға  рахмет! Ауа  райының  демеушісі  «Бидайық-құрылыс»  компаниясына  алғысымыз  шексіз!

 

( Саз  әлемінің  музыкасы  басталады)

Ортаға  үш  жүргізуші  шығады. Перизат, Тұрар, Нұрсұлтан

 

Перизат: Қайырлы  кеш, құрметті  қонақтар!

Эфирде  бәріміз  асыға  күткен  «Саз  әлемі»  бағдарламасы. Жүргізушілері: Ақан Тұрар, Қайырғазин  Нұрсұлтан  және  мен  Баян  Есентаева, ой  кешіріңіздер  Кәкім  Перизат.

Тұрар: Бүгінгі  бағдарламада  өнер  көрсететіндер  5 сынып  өнерпазы  Төкен  Дінмұхамед, 6 сынып  әншісі   Исабаева  Еркежан, 7 сынып өнерпазы  Биғазин  Талғар.

Нұрсұлтан:  «Саз  әлемі»  байқауында  төрелік  ететіндер біздің  сыныптың  ата-аналар  комитетінің  төрайымы  Несіпхан  Бейсенбаева, Анар  Рахымбаева, Сандуғаш  Тайтөлеуова  және  өзіміздің  сыныптасымыз  Қалихан  Жансая.

Перизат: олай  болса  кезекті  сайыскер  әншілерге  берейік.  Алдарыңызда  5 сынып  әншісі  Төкен  Дінмұхамед  «Анашым»  әнімен  қарсы  алыңыздар.

(Ал  әділдігін  айтар  әділ  қазы  алқасы  сөз  кезегі  өздеріңізде)

Тұрар: Рахмет  сіздерге. Мен  ортаға  6  сыныптың  жезтаңдай  әншісі  Исабаева  Еркежанды  «Жаңа  жыл»  әнімен  шақырайын.Қол  соғып  қошемет  көрсетіңіздер!

(Ал  әділдігін  айтар  әділ  қазы  алқасы  сөз  кезегі  өздеріңізде)

Нұрсұлтан: Бәрекелді! Рахмет. Алдарыңызда  келесі  өнерпазымыз 

7  сынып  оқушысы  Биғазин  Талғар.  Талғардың  орындауында  «                 »  әні  қарсы  алыңыздар!

(Ал  әділдігін  айтар  әділ  қазы  алқасы  сөз  кезегі  өздеріңізде)

Перизат:  Бұл  сайыста  кімнің  жеңгенін  көргілеріңіз  келсе, қортынды  жаңалықты  құр  жіберіп  алмаңыз.

 

Әдемі  музыка.

1-жүргізуші: Құрметті  халайық! Бүгінгі  жаңа  жыл  кешіне  «Сәйгүліктерін  желдіртіп, алтындатқан  шанасымен  Аяз  ата  мен  Ақшақар  келе  жатыр»-деген  хабар  алып  тұрмыз...

3-жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйіншілеп  маңайға  жар  салыңдар.

Аяз  ата  келеді  Ақшақармен,

Қол  соығп  қошеметпен  қарсы  алыңдар!

(Бәрі  бірге  Аяз  ата  деп  айқайлайды)

Аяз  ата  келеді.

Аяз  ата:

Ассалаумағалейкум, жыр  кешкен  ел,

Нарына  нарық  заман  мінгескен  ел.

Дәуірдің  дүрмегіне  үндескен  ел,

Тәңірдің  тылсымымен   бірлескен  ел.

 

2-жүргізуші:  Ассалаумағалейкум, ата!

Аяз  ата: Уағалейкумассалам, балам!

3-жүргізуші: Армысыз, ата! Армысыз  Ақшақар!

Аяз  ата: Бар  бал, балам! Біз  қай  жерге  келдік  қарағым?

1-жүргізуші:

  Бұл  ата, батырлар  мекендеген  сырлы  жер,

  Ән  мен  күйді  әлдилеген   жырлы  жер.

  Қайратымен  жер  жаһанға  танылған

Келгеніңіз  Бидайықтай  нұрлы  жер!

 

Аяз  ата: Бәрекелді, бәрекелді!

2-жүргізуші: Ата, алыс  жолдан  шаршап   келгендеріңіз  көрініп  тұр. Біраз  тынығып  алыңыздар.

3-жүргізуші: Ата  «Жаңа  жылды  қалай  қарсы   алсаң, жылды  солай  өткізесің»  деген   қағида  бар  емес  пе? Бізде  әртүрлі  байқаулар  өткізіліп  жатыр. Соның  куәсі  болыңыздар.

Аяз  ата:  Жарайды  олай  болса  қыздырыңдар  думанды, біз  ақшақар  қызымыз  екеуіміз  демалып  алайық.

(Айгөлек  музыкасы  ойналып, үш  жүргізуші  билейді)

Мөлдір: Армысыздар, құрметті  көрермендер!

Мақсат: Есенсіздер  ме  «Айгөлекті»  асыға  күтетін   ағайын.

Ақтілек: Жаңа  жыл  мерекелеріңіз  құтты  болсын!

Мөлдір: Бүгінгі  сайысымызда  ақтық  мәреге  жолдама  алған  үздік  топтар  өнер  көрсетеді.

Мақсат:    Көп  сөді  созбай  Айгөлектің  бірінші  сайыскерлерін  ортаға  шақырайық.

Ақтілек:  Олар  өздерінің  тамаша  билерімен  сайыстарда  орын  алып  жүрген  5  сыныптың   «                     »  атты  бишілер  тобы. Қарсы  алыңыздар!

Мөлдір:  Әділ  қазы  алқасы  сіздердің  бағаларыңыз!

(Толықтыру  керек)

 

Аяз  ата: Ау, балаларым, барлықтарың  әндетіп, сәндетіп  жаңа  жылды  қарсы  алып  жатырсыңдар. Ол  тентек  қайда, әлі  келмеген  бе?

1-жүргізуші: Жаңа  ғана  келіп  түскен  ақпараттарға  сүйенсек, Жаңа  жыл  жаңа  ғана  ұшақтан  түсіпті.

2-жүргізуші:  Ендеше  қошеметпен  жаңа  жылды  қарсы  алайық!

( ортаға   ысылдаған  музыка  ойналады, жаңа  жыл  келеді)

3- жүргізуші: Келе жатыр Жаңа жыл аппақ болып

                    Ән салып жұмбақ болып, тақпақ болып,

                     2013  жыл    Жылан   келеді.

1-жүргізуші:  Қонысыңыз құтты болсын,   Жылан  жылы!

Жаңа жыл:  Ассалаумағалейкум  ата!  Армысыздар, тойшыл  халқым  менің! 

Халқым менің!

Жаңа жылмын мен

Елді шарлап самғаймын

Бір күн қызық бір күннен

Бола берсін   әрдайым.

Жаңа жылдың бастауын

Сендерменен  тойлайын.

Аман  болсын  халқымыз

Арта  берсін   даңқымыз

Дами берсін үздіксіз

Жақсы дәстүр салтымыз.

 

Аяз  ата:  Кел  балам! Жаныма  отыр, мына  жерде   қызықты  сайыстар  өткізіліп  жатыр, сенде  соның  куәсі  бол!

 

(Жайдарман  КТК  сайысының  музыкасы  ойналады)

Мекен: Армысыздар! Жаңа  жыл  кешін  тамашалауға  келген  ағайын!

 «Жайдарман»  көңілді  тапқырлар  сайысынан  ақтық  сайысқа  жолдама  алған  командаларымыз  жамбы  ату  сайысына  келіп  жетті.

Кезек:  5  сыныптың  «              » командасына  беріледі.

Алдарыңызда: 6  сыныптың  «                »  командасы  өнерін  көрсетеді, қарсы  алыңыздар!

7  сыныптың  «                           »  командасын  қарсы  алайық!

(Бәрі  өнерлерін  көрсетіп  болған  соң,

  Мекен:  барлық  командаларды  ортаға  шақырайын, әділ-қазы  өз  бағаларын  берсе...

Рахмет, командалар  сіздерге, алдағы  сайыстарда   жеңіске  жетулеріңізге  тілек  білдіремін! )

 

(Музыка  жіберіледі)

Гауһар  мен  Бақыт:

Бақыт: Армысыздар, Жаңа  жылдық  кешімізді  бізбенен  өткізіп, тамашалп  отырған  ағайын!

Гауһар: Құрметті ата-аналар,қонақтар,қымбатты балалар!

                     Келе жатқан Жаңа 2013   жылдарыңыз құтты болсын!

Бақыт:       Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

                     Ақ моншаққа бөлеп алды маңайды

                     Бақыт, шаттық молшылық пен тыныштық

                     Бәріңізге әкелсін келіп жеткен Жаңа жыл!

Гауһар:       Жаңа  жылда  жаңаша

                   Болсын  қызық  тамаша!

Бақыт:  Гауһар, біздің  өнерлі  сыныптардың  бағанадан  бәріміз  өнерлерін  тамашаладық, осындай  өнерлі  шәкірттерді  тәрбиелеп  жатқан  біздің  ұстаздарымызда  өнерден  құр  алақан  емес  екен. Енді,  кезекті  өнерлі  ұстаздарымызға  берсек  қалай  болады  екен?Қай  ұстазымыз  бүгінгі  кештің  жұлдызы  атанар  екен?

Гауһар:        Әрине, олай  болса, 5  сыныптың  екінші  анасы  Сәуле  апайды  қошеметпен  ортаға  шақырайық. Қол  соғып  қошеметтеңіздер!

Бақыт:  Өнерлеріңіз  тамаша! Біздің  сарапшыларымыз   қандай  баға  бере  екен? Рахмет! Енді  ортаға  өзінің  тамаша  әнімен   6  сынып  жетекшісі  Гүлнұр  Мұратқызын  шақырайын! Қарсы  алыңыздар!

Гауһар: Келесі  өнер  көрсететін  7  сыныптың  сүйікті  ұстазы  Перизат  апай. Перизат  ұстазымызға  қошемет  ағайын!!!

Бақыт:  Аяз  ата,  білімді  де, өнерлі  шәкірт  тәрбиелеп  отырған  осындай  өнерлі  ұстаздарға  сіздің  қандай  сыйлығыңыз  бар?

Аяз  ата:  Бәрекелді,  ұстазынан  шәкірт озар  дегендей, осы  мектептің  ұстаздары  да, шәкірттері  де  өнерлі  екен. Ақшақарым  даярлап  әкелген  сыйлықтарымызды  бере  ғой!

(Ақшақар  таратып  береді)

 

(Лоторея  ойнатылады)

Ақшақар:   Ата, біздің  де  баратын  жеріміз  өте  көп. Балалардан  рұқсат  сұрап  қош   айтысайық. Балаларға  батаңызды  беріңіз.

Аяз  ата: Мен  батамды  берейін,

                   Үстем  болсын  мерейің.

                   Әрқашанда  Бидайыққа

                   Қуанышқа  келейін.

                   Жақсылық  елден  кетпесін,

                   Жамандық  келіп  жетпесін.

                   Қызыр  болсын  жолдасың,

                   Әруақтар  қолдасын.

                   Аман  болсын  мал  басың,

                   Адал  болсын  жолдасың.

                   Бейбітшілік  заман  болсын,

                   Ел  іргесі  аман  болсын.

                   Әумин!

Ақшақар:  Жаңа   жылдарыңыз  құтты  болсын! Қош-сау  болыңыздар!

 

( Ақшақар  мен  Аяз  ата  кетеді)

 

1-жүргізуші:

Қандай  жақсы  біздің  Аяз  атамыз,

Қабыл  болсын  ақ  ниетті  батаңыз.

Қош  айтысып  кетсеңіз  де  асығып,

Кешімізді   жалғастырып  жатамыз.

 

3-жүргізуші:

Келесі  Жаңа  жылда  жүздескенше,

Қош  бол, ару  Ақшақар, кездескенше.

Жыл  сайын  келіңіздер  сіздер  бізге.

 

2-жүргізуші:   Иә, Аяз  ата  мен  Ақшақар  кетті. Көңілдеріңіз  түспесін. Сіздердің  назарларыңызға  қорытынды  жаңалықтарды  ұсынамыз.

(жаңалықтардың  музыкасы  ойналады)

Айым: Қайырлы  кеш  құрметті  көрермендер! Сіздердің  назарларыңызда  қорытынды  жаңалықтар, жүргізушісі  мен  Жандостың  Айымы.

Мектебімізде  27  желтоқсаннан  бастап, жаңа  жыл  мерекесі  өткізіліп жатыр. Таңертең  бастауыш  сыныптар  арасында  өтсе, түс  ауа  орта  буындар  арасында  «Қош  келдің, жаңа  жыл»  атты  сайыс  түріндегі  мерекелік  кеш  өтті.  Осы  мерекелік  кеште  біздің  сыныптасымыз  Қалихан  Жансая  әділ-қазы  болып   барып,  қайтқан  еді. Сөз  кезегін  Жансаяға  берсек. Жансая  сен  тікелей  эфирдесің...

Жансая: Біз  8  сынып  оқушылары  бүгінгі  мерекелік  кешті  өзгеше  болсын  деп, сайыс  түрінде  өткізген  едік. Сол  сайысымызда  өз  мәресіне  жетті. Барлық  сыныптар  жан-жақты  жақсы  даярлықпен  келген.  Енді  орындарды  жарияласақ! (Орындар  аталып, сыйлықтар  беріледі)

Жансая: Рахмет, Айым  сөз  кезегі  өзіңде.

Айым:  Қош, делік. Көптен  күткен  жаңа  жыл  мерекесін  қарсы  алуда  өз  соңына  таяп  қалғандай. Қатысқан  өнерпаздармен  сұхбаттасып  қайқан  әріптестеріме  сөз  кезегін  берсем.

 

( 1- 2 – 3 жүргізушілер  сұхбат  алды)

Айым:  Ендігі  кезекте  сіздерді  «Ас  адамның  арқауы »  айдарымен  жарияланған  мереклік  дастархан  күтіп  тұр. Осымен  «Қазақстан — Бидайық»  телеарнасы  өз  жұмысын  аятайды. Келесі  жылы  аман-есен  жүздескенше  қош-сау  болыңыздар!

 

Хор: «Қош  келдің, жаңа  жыл!»

3-жүргізуші: Құрметті  көрермендер, баршаңызға  Жаңа  жылда  жаңа  табыс,  жаңа  бақыт, жаңа  жыр  тілей  отырып,  бүгінгі  кешімізді  аяқтаймыз.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаЕРЕКШЕ ЕМТИХАН

Сценарий​«Қарттарым – асыл қазынам» қарттар күніне кездесу кешінің сценарийі

Сценарий«Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынының жоспары

СценарийСоңғы қоңырау кешіне арналған сценарий

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147868

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар