Мәңгілік жыр

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Мәңгілік жыр

Ақиық ақынымыз -Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кештері рухани астанамыз — Түркістанда толастар емес.Еңсесі биік – Мәдениет үйінде қалалық деңгейде “Мәңгілік жыр” атты ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларынан поэзиялық ән кеші өтті. Мәдениет үйінің ғимаратында ине шаншар орын болмады, көремендерге лық толды. Мұқағалидың ролін Сағи Биғабылов асқан шеберлікпен сомдады. “Өнердің міндеті – адамды таңқалдыру” деп,Ә.Нұрпейісов айтқандай, осы әдеби кештің өн бойынан жақсылықтың, ізгіліктің самал желі есіп,әрбір көрермен осыдан адамшылықтың рухын бойына сіңіргендей әсер алды. Мұқағали Мақатаевтың “Автогроф”, “Өмір деген”, “Қазақстан”, “Отан”, “Бабаларым рахмет сендерге”,”Ана”,”Жыласам ба екен?”,“Күрсінбеші”,”Жоқ дәрігер”,”Лашынның монологы”, “Соқ жүрек”,”Махабат моласы”,”Арнау”, “Қара өлең”, “Поэзия”,“Бақыт деген”, “Мен сені сағынғанда”,”Аққулар ұйықтағанда” атты поэма, өлеңдерінің мәніне терең бойлай отырып медицина колледжінен Назира Асқарбай, Ақсәуле Уәлихан,№21 мектептен Мұқағали Әбдішәріп, Ата-түрік мектебінен Кейкі Дарын, Урумова Тоғжан, Мүсәлі Ардақ, БЖ орталығынан Шұғыла Жарылқасын,Қ.Сәтпаев мектебінен Пазылхан Жанна, Гуманитарлық техникалық колледжінен Салтанат Ибаділлә, Гүлдана Қалдаяқова,№19мектептен Құрбан Еңлік,№21 кәсіптік колледжінен Ермахан Еламан,Құлымбетова Мөлдір, А.Байтұрсынов мектебінен Гүжайна Жұмаш,№19мектебінен Сайлау Дамира,Құмтүйін ауылынан Данагүл Балтабай сынды оқушыларымыз өз орындаушылық шеберліктерімен сендіріп, дәлелдеп, ақиқаттың ішкі рухын жұқтырып, көрермендердің бүкіл жан дүниесін баурап алды. Сәтпаев мектебінен Ақмарал Ақтөреева және медицина колледжінен Сымбат Бисенбиева, “Ясауи”колледжінен Сапарбек Мейірім, Ақмарал Омарлар Мұқағалиға арналған өз жүрек түкпірлерінен шыққан туындыларын оқыды.Содан кейін Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер орындалды.”Құттықтаймын мама, туған күніңмен”, “Көрікті қыз”,”Фаризаға”, “Тірісіңдер құрбандар”, “Мен білмеймін”,”Бақыт деген” әндерін Мағжан Дарынұлы, Ұлжалғас Маратқызы, М.Тұрыскелдиева, Асылжан Есенбек, Н.Бекбаев, М.Дәукенов, Ж.Абажанова, Кейкі Дарын сынды талантты оқушылар тамылжыта шырқады.

Осы аталған ауқымы кең іс-шараға “Сұлу сөзден сыр түйген сарбаз ақын”атты көрмені Түркістан қаласындағы орталық кітапханалар жүйесі қызметкерлері Э.Төлбасы, А.Қанаева, М.Даулетбекова, Ж.Базарбековалар көрермендерге ұсынды. Әсіресе, мен мұндалап шақырып тұрған, жаңашыл рухтың лебі ескен эстетикалық талғамға сай көрме”Хан тәңірі”болды.Бұл- тарихи-этнографиялық орталық экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жексенбаев Омар Абдуллаұлының көпшілікке ұсынған көрмесі еді.Парасаттылықпен ұсынылған көрмені тамашалаған көрермендер өздеріне керекті дерек алып, ой түйіп шын ықыластарымен ризашылық сезімдерін білдірді.

Осы “Мәңгілік жыр” поэзиялық ән кешіне мұрындық болған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұстафаева Ұлжалғас Әбенқызы өз жүрекжарды сөзімен кешті түйіндеді. “Балам- деген жұрты болмаса, жұртым-дейтін бала қайдан болсын” деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жүзі нұрланған Мұстафаева Ұлжалғас апай өлең оқыған балаларды ізгілікке шақырып, қошеметтеп, мақтап, оларды қанаттандырып жіберді.Ол:“Бүгінгі поэзиялық әдеби кеш барлығымыздың жан-дүниемізді тазартып,өреміздің өрісін кеңейтті.Қалалық білім бөліміне және мектеп қызметкерлеріне осындай оқушыларды іріктеп аталған іс-шараға қосқандары үшін және көрме ұйымдастырушыларға рахмет!”деді.Ол осы аталған іс-шараға ат салысқан мемлекеттік қызметкерлерді және қатысушыларды түгелдей дерлік алғыс хатпен марапаттады.

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы Мұқағали Мақатаевтың “Автогроф”, “Өмір деген”, “Қазақстан”, “Отан”, “Бабаларым рахмет сендерге”,”Ана”,”Жыласам ба екен?”,“Күрсінбеші”,”Жоқ дәрігер”,”Лашынның монологы”, “Соқ жүрек”,”Махабат моласы”,”Арнау”, “Қара өлең”, “Поэзия”,“Бақыт деген”, “Мен сені сағынғанда”,”Аққулар ұйықтағанда” атты поэма, өлеңдерінің мәніне терең бойлай отырып медицина колледжінен Назира Асқарбай, Ақсәуле Уәлихан,№21 мектептен Мұқағали Әбдішәріп, Ата-түрік мектебінен Кейкі Дарын, Урумова Тоғжан, Мүсәлі Ардақ, БЖ орталығынан Шұғыла Жарылқасын,Қ.Сәтпаев мектебінен Пазылхан Жанна, Гуманитарлық техникалық колледжінен Салтанат Ибаділлә, Гүлдана Қалдаяқова,№19мектептен Құрбан Еңлік,№21 кәсіптік колледжінен Ермахан Еламан,Құлымбетова Мөлдір, А.Байтұрсынов мектебінен Гүжайна Жұмаш,№19мектебінен Сайлау Дамира,Құмтүйін ауылынан Данагүл Балтабай сынды оқушыларымыз өз орындаушылық шеберліктерімен сендіріп, дәлелдеп, ақиқаттың ішкі рухын жұқтырып, көрермендердің бүкіл жан дүниесін баурап алды. Сәтпаев мектебінен Ақмарал Ақтөреева және медицина колледжінен Сымбат Бисенбиева, “Ясауи”колледжінен Сапарбек Мейірім, Ақмарал Омарлар Мұқағалиға арналған өз жүрек түкпірлерінен шыққан туындыларын оқыды.Содан кейін Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер орындалды.”Құттықтаймын мама, туған күніңмен”, “Көрікті қыз”,”Фаризаға”, “Тірісіңдер құрбандар”, “Мен білмеймін”,”Бақыт деген” әндерін Мағжан Дарынұлы, Ұлжалғас Маратқызы, М.Тұрыскелдиева, Асылжан Есенбек, Н.Бекбаев, М.Дәукенов, Ж.Абажанова, Кейкі Дарын сынды талантты оқушылар тамылжыта шырқады.

Осы аталған ауқымы кең іс-шараға “Сұлу сөзден сыр түйген сарбаз ақын”атты көрмені Түркістан қаласындағы орталық кітапханалар жүйесі қызметкерлері Э.Төлбасы, А.Қанаева, М.Даулетбекова, Ж.Базарбековалар көрермендерге ұсынды. Әсіресе, мен мұндалап шақырып тұрған, жаңашыл рухтың лебі ескен эстетикалық талғамға сай көрме”Хан тәңірі”болды.Бұл- тарихи-этнографиялық орталық экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жексенбаев Омар Абдуллаұлының көпшілікке ұсынған көрмесі еді.Парасаттылықпен ұсынылған көрмені тамашалаған көрермендер өздеріне керекті дерек алып, ой түйіп шын ықыластарымен ризашылық сезімдерін білдірді.

Осы “Мәңгілік жыр” поэзиялық ән кешіне мұрындық болған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұстафаева Ұлжалғас Әбенқызы өз жүрекжарды сөзімен кешті түйіндеді. “Балам- деген жұрты болмаса, жұртым-дейтін бала қайдан болсын” деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жүзі нұрланған Мұстафаева Ұлжалғас апай өлең оқыған балаларды ізгілікке шақырып, қошеметтеп, мақтап, оларды қанаттандырып жіберді.Ол:“Бүгінгі поэзиялық әдеби кеш барлығымыздың жан-дүниемізді тазартып,өреміздің өрісін кеңейтті.Қалалық білім бөліміне және мектеп қызметкерлеріне осындай оқушыларды іріктеп аталған іс-шараға қосқандары үшін және көрме ұйымдастырушыларға рахмет!”деді.Ол осы аталған іс-шараға ат салысқан мемлекеттік қызметкерлерді және қатысушыларды түгелдей дерлік алғыс хатпен марапаттады.

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129913

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар