Бақытты жанұя-бақытты ел

2 ақпан 2015 - Балжан Базилбаева

Тақырыбы: Бақытты жанұя – бақытты ел.

Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.

Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе сөз.

2. Мақал – мәтелді жалғастыр.

3. Сан сұраққа – бір жауап.Сұраққа жауап беру.(ата-аналарға)

4.«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

5.Отбасы туралы тақпақтар.

6.Қорытынды .

Кіріспе сөз.

1-жүргізуші:Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымыздаБала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортағасалмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласышыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығынабейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

2- жүргізуші:Қазақ қоғамында отбасы — өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-аана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
1- жүргізуші: Армысыздар, қонақтар! Бүгінгі «Бақытты жанұя – бақытты ел» атты кешімізге қош келдіңіздер.

2- жүргізуші:

Бұрынғының қарттары дана болған.

Қартты сыйлар жастарда сана болған.

Ата – анадан үлгі алып, жастар да,

Болашағын қорғайтын адам болған.

    1-жүргізуші:

    Расында да, атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

    Мақал – мәтелді жалғастыр.

    1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,…

    ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

    2.Ана сүтін ақтамағанды ,…

    ( ешкім мақтамайды)

    3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…

    (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

    4.Қарағайға қарап тал өсер,…

    (қатарына қарап бала өсер)

    5.Үйінде ұл – қыз бардың,…

    (көгінде сөнбес жұлдыз бар)

    6.Атаңа не қылсаң ,…

    (алдыңа сол келер)

    7.Ұяда не көрсең ,…

    (ұшқанда соны іленсің)

    8.Әдепті бала — арлы бала,…

    (әдепсіз бала – сорлы бала)

    2-жүргізуші:

    Сан сұраққа – бір жауап.Сұраққа жауап беру.(ата-аналарға)

    1.Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?

    2.Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?

    3.Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?

    4.Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?

    5.Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

    6.Балаңыздың қандай да бір жат қылықтарын көрсеңіз, қалай тәрбиелер едіңіз?

    7.Бала тәрбиесі үшін отбасы тәрбиесі Басым ба, мектептің ықпалы басым ба?

    8.Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үй тапсырмасын орындай алмадым, текке екілік алып қаламын. Апайға телефон шалып «Ауырып жатыр» деп айта салшы… деген өтінішін қалай қабылдар едіңіз?

    9.Ата – ана мен бүгін мектепте линейкаға шығып қалдым. Алысып – шулағанымды кезекшілер жазып алыпты Апайға айтыңызшы… деген сөзін қалай қабылдайсыз?

10.Күніне балаңызға қанша уақытыңызды бөлесіз?

11.Отбасында қандай мерекелер мен дәстүрлер аталып өтіледі.

12.Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?

13.Балаңыз қандай ойындар ойнағанды ұнатады?

14.Үлкендер баламен қандай ойындар ойнағанды ұнатады?

15.Отбасында баланың бос уақыты қалай өтеді?

16.Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?

17.Баланың теледидар мен қарым-қатынасы қалай?

18.Балаңыз неден қорқады?

19.Сурет сала ала ма?

20.Балаңыз қалай тамақтанады?

21.Қалай ұйықтайды?

22.Аға, іні, қарындас, сіңілілері бар ма?

23.Достары бар ма?

24.Балаңыз жиі ауыра ма?

25.Көбінесе көңіл күйі қандай, үйде?

26.Бала тәрбиесі жөніндегі көтерілген мәселені кім шешеді?

27.Балаңыз бала-бақшада болды ма?

1-жүргізуші:

«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?

2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?

3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің

әрекетің, не істейсің?

2-жүргізуші:

Отбасы туралы тақпақтар:

1-оқушы:

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

2-оқушы:

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

Ән: «Анама»

3-оқушы:

Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында.

4-оқушы:

Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,

Қасірет басындағы қалды арылып.

Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,

Атқан соң маңдайынан таң жарылып

Ән: «Әке»

1-жүргізуші:

Тәрбие — отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.

2-жүргізуші:

Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.

1-жүргізуші:

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрдісыйламайтын баладан қорқам » деген екен. Ендеше, бүгін біздің қорқынышымыз жоқ. Алдымызда өнегелі, үлгілі, өнерпаз отбасылары бар екндігімізге көзіміз жетіп отыр. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ өміріміздегі ең маңызды іс болғандықтан бірлесе тәрбиелейік! – деп ата – ана кешімізді аяқтаймыз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Өзін өзі тануҚұрметтей білейік

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151029

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 4 ақпан 2015 в 09:43 0
Бүгінгі таңдағы өзекті тақырып, тәрбие сағатының тақырыбы да, оның жүру барысы да ұнады.
Аружан # 11 қыркүйек 2015 в 16:49 0
тәрбие сағаттына арналган ба

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар