Кемеңгер көшбасшы

7 желтоқсан 2015 - Зере Исова

Алматы облысы 

Алакөл ауданы

Безродных атындағы орта мектебінің

география  пәнінің мұғалімі Исова Зере Балғабайқызы

Тақырыбы: Кемеңгер көшбасшы (тәрбие сағаты)

Мақсаты:

-қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып -өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

-елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

-шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: Елбасы туралы слайдтар, суреттер, буклеттер, кітаптар.

 

Барысы:

«Ашық журнал»ретінде өтіледі:

1- бет: Н.Назарбаевтың туып өскен ортасы.

2- бет. Елбасымыздың білім алған орындары.

3 -бет. Елбасының отбасы.

4- бет. Елбасының өрлеу баспалдақтары.

5-бет. Қазақстан Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет.

6- бет. Қазақстанның мақтанышы- Астана.

 

Кіріспе.

1- Жүргізуші:

 Азаптың арта қалды сан ғасыры,

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.

Дүниенің  төрт бұрышы түгел көрді,

Төрінде көш бастаған Елбасыны.

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан.

Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

Елбасы- қасиетті аталы сөз,

Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

 

2 жүргізуші:

Шығындап, қиыр шеттің танып бәрін,

Уа, Жұртым, шартарапқа шарықтадың.

Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,

Қазақтай жер бетінде халық барын.

Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында,

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

 

I бет. «Н.Назарбаевтың туып өскен ортасы»

 

1-оқушы:

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Әкесі Әбіш ата, анасы Әлжан  әже. Отбасында інілері Сатыпалды, Болат, қарындасы Әнипа болды. Үлкендердің мал бағуына, бау бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз маз малын өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы темір жол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.  Ата анасын қатты құрмет тұтты.

(слайд)

 

IIбет.«Елбасымыздың білім алған орындары»

2-оқушы:

 … Ол ерте есейді. Шамалғандағы орта мектепті бітіргеннен кейін  Кеңес Одағының аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрлысына аттанады. Көп кешікпей бір топ қазақстандықтармен бірге Украинаның Днепродзрежинск қаласына барып металлург жұмысшы мамандығын меңгереді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

(слайд)

 

I бет. «Елбасының отбасы»

 

3-оқушы:

Жұбайы:    Назарбаева Сара Алпысқызы. «Бөбек» қорының негізін қалаушы. «Өзін өзі» тану  пәнінің негізін салушы, авторы.

Үш қызыбар:

 

Дариға--саясат ғылымдарының докторы.

Динара-- Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.

Әлия-- бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

(слайд)

 

IY бет.«Елбасының өрлеу жолдары»

Жүргізуші:

    Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жақсы көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызмет атқарды.  Металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау халалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарына экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

 

Жүргізуші:

     Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.

(слайд )

Еңбек жолы

 

1967 жылы-Қарағанды металлургия комбинаты жанындағыжоғарғытехникалықоқуорнынбітірді. Экономика ғылымдарыныңдокторы.

1960-1969 – Қарағанды металлургия зауытындажұмысістеді.

1969-1973 — жылдарыҚарағандыоблысыТеміртауқаласындағы партия комсомол жұмыстарындажауаптықызметтератқарды.

1973-1977-жылдарыҚараметкомбинатының партком хатшысы.

1977-1979-жылдары –Қарағандыоблыстық партия комитетініңхатшысы, 2-ші хатшысы.

1979-1984 -жылдарыҚазаөстан КП Орталықкомитетініңхатшысы.

1984-1989 -жылдарыҚазақ КСР ЖоғарғыКеңесініңтөрағасыболды.

1990- жылдыңсәуіріненҚазақстанРеспубликасыныңпрезиденті.

1991жылдың 1 желтоқсанындатұңғышретҚазақстанПрезидентініңжалпыхалықтықсайлауыөтті. СайлаунәтижесіндеНұрсұлтанӘбішұлыНазарбаевтыңөкілеттігі 2000 жылғадейінұзартылды.

1999 жылдың10қаңтарындаөткенжалпыхалықтықсайлаудыңнәтижесіндеН.Ә.Назарбаев 79.78% дауысалып, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіболыпқайтасайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанындасайлаушылардың 91.5% даусыналып, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіболыпқайтасайланды.

ОЛ:

-    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының;

 -  Халықаралық инженерлік академияның;

-   Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

-   Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры;

 -   Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі;

-    М.В.Ломомоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

 

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

 Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

 Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

Y-бет. Қазақстан Тәуелсіз демократиялық

 және құқылық мемлекет.

(слайд)

 

4-оқушы:

1991жылдың16желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіз  демократиялық және құқылық мемлекет»  деп жарияланды.

 

5-оқушы:

 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттің рәміздері: Елтаңба, Ту, Гимн бекітілді.

 

6-оқушы:

    1995жылы 28қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның «Ата Заңы» қабылданды.

 

7- оқушы:

1993 жылы 15қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.

 

YI- бет. «Қазақстанның мақтанышы- Астана»

(слайд)

 

Жүргізуші:

 

Астана қазағымның бас қаласы,

Арқада бой көтерген жас қаласы.

Көшірген Астананы орталыққа,

Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

 

Жүргізуші:

 

Ауыр сын, қиындықтан жасқанбаған,

Сарыарқаға көш бастап басқан қадам.

Бүгінде дос сүйініп, әлем танып,

Атағы Астананың аспандаған.

 

1-Жүргізуші:

 

Желбірейді көк байрағың көгіңде,

Кереметсің көрік берген өңірге.

Ғаламдағы ғаламаттың бірі боп,

Бәйтерегің жарқырап тұр төріңде.

 

2-Жүргізуші:

 

Шат қалам менің, бақ қалам менің,

Бақ қаласымен мақтанған елім.

Жайнай бер гүлдей  астында Күннің,

Астанам менің, Ақ қалам менің!

 

 

 

Қорытынды:

 

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110084

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар