Мұғалім – ол біздің Құндылық: Сүйіспеншілік

15 наурыз 2016 - Шолпан Ергуатова

Тақырып: Мұғалім – ол біздің

Құндылық: Сүйіспеншілік 
Сабақтың мақсаты:. 
Сүйіспеншілік ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу. 
Міндеттері: 
1.Оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екенін түсіндіру. 
2. Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, оқуға қызығушылығын арттыру. 
3.Оқушыларға ұстаз еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі:құралдар мен әуен 
Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін бізде ерекше сабақ өткелі отыр. Ортамыздағы аяулыда, ардақты ұстазымыз Әсия апай құрметті еңбек демалысына шықалы отыр. Сондықтан  бүгінгі сабағымыз Ұстаз құрметіне байланысты «Мұғалім – ол біздің»  деп атталады.

Оқушылар сабағымызды бастаймыз. Сабағымызда бастамас бұрын 1 топ – ұарандаш, 2топ- қалам, 3 топ өшіргіш алып ортаға шаттыө шеңберіне келіңіздер.

Шаттық шеңбері Күн шуағы арқылы бір- бірен тілек білдіру.

Оқушылар тақтада тұрады. Әр оқушылар өздерінің оқу құралдарын тану арқылы топқа бөліну.  

Енді оқушылар алдарыңызда бұлт торлаған күн бейнесі тұр. Ендеше күн шуағын түсіру үшін сұрақтарға жауап бере отырып бұлттардан арылтуымыз керек.

Оқушылар бір бірлеп келіп сұрақтарға жауап береді.

1.     Адам бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

2.     Алғашқы ұстазың кім?

3.     Ұстаздарыңның бойынан қандай қасиеттерінен үлгі аласың?

4.     «Ұстаз жақсының- ұстамы жақсы» деген мақалды қалай түсінесің?

5.     Мұғалім оқушының арасында қандай байланыс болу керек деп ойлайсың?

6.     Қазір қандай көңіл күйде тұрсың?

Күн шуағы біздерге нұрын төге берсін. Біз сұрақтарға жауап бере отырып алғашқы ұстаздарыңды, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, сонымен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы  байланысты еске түсірдіңіздер.

Абай атамыз:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-  деп   айтпақшы, ұстаз мамандығы күн сәулесінің астындағы ең тамаша мамандық. Осы мұғалім сөзін таратып көрейікші?

                                                                                                  

 

 

Мұғалім


 

         

 

                                                                              

                                                                                       Тәрбиеші
 

Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иеген.Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлаған.

Сендер балалар, осы ақын жазушылардың ұстаз туралы жырлаған өлең шумақтарын білесіңдер ме?

Әр топтан бір оқушы өлең оқиды.

Енді балалар сіздерге шығармашылық тапсырма беріледі.

Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс

1 топ- «Мектеп»

2- топ Қызықты сәттерің

3- топ Мұғалім ол біздің

Оқушылар өздерінің топтық таныстырым қорғайды.

(Үш шапалақ арқалы қошемет білдіру)

1. Интервью: (Уақыты 3минут) 
-Сенің алғашқы ұстазың кім және сен одан не үйрендің? 

 

Енді оқушылар ұстаздарыңа арнап ой толғаныстарыңызды жазыңыздар. Әр топтан бір оқушыдан өз жұмысын қорғау. (үш шапалақ)

 

Апайымызға арналған тілектеріміз білдіріп гүлдерімізді сыйлайық.

Ән: Ұстазым

    
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141204

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар