Тілім менің - қазынам

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы

№1 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Г.Ш.Нарымбекова

.

Тілім менің — қазынам

Мақсаты:

Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін, тіл ұлттың мұрасы екенін түсіне білуге, оны құрметтеуге, мақтан етуге, қорғауға баулу. Ана тілінің құдіреті туралы түсінігін кеңейту және дамыту.

Көрнекілік: Ұлы адамдардың қанатты сөзі.

Барысы:

1-оқушы: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс.

2-оқушы: Халықтың тәуелсіздігінің белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздігін, ұлттық мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Қазақстан тәуелсіз ел болсын десек, ең алдымен ана тілімізді сақтап, оның дамуына күш салуымыз керек.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заң күшіне енгеннен кейін ана тілінсіз іс өрге баспақ емес. Болашақты баянды етер қаруымыз – қазақ тілі. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Топтық сайыс: сайысқа үш топ қатысады.

І. Әділ –қазылар алқасын сайлау.

ІІ. Сайыс жоспары:

1.Таныстыру (топ атымен, ұранымен таныстырады).

2.Асыл мұра

3.Сөздерден сөз жазу.

4.Төле бидің жұмбағы (өздері жұмбақ құрастырады).

5.Мақал-мәтел сөз мәйегі.( мақал-мәтел сайысы)

6.Өлең жазып үйренейік

7.Айтар тілек, ұсыныс.

ІІІ. Ойын барысы.

1.Жарысқа қатысушы топтарды таныстыру.

Жүргізуші: Ал, кәнеки, сайысты бастайық.

1-сайыс: «Асыл мұра» (әр топ даналар сөзінің мағынасын ашу).

Жүргізуші: Өте ертеде бір қадірлі қария дүниеден көз жұмарында ұлын шақырып алып:

-Балам мен көп ұзамай дүние саламын, әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, — дейді қария. Қария баласына қандай мұра қалдырды? (қалдырған мұрасы – тіл).

(әр топтың ойлануына уақыт беріледі).

2-сайыс: «Сөздерден сөз жазу».

ҚАЗАҚСТАН, БЕЙБІТШІЛІК, ТӘУЕЛСІЗДІК

3-сайыс: «Төле бидің жұмбағы»

Жүргізуші: Уа, халқым сөз қадірін білсең сөз танығыш жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Ол мынау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Ол қандай жұмбақ? (үй тапсырмасы)

4–сайыс: «Мақал-мәтел сөз мәйегі»

Әрбір топ оқушылары кезекпен кезек мақал-мәтелдер айтып жарысады.

3-оқушы: Ана тілім — ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

4-оқушы: «Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениеті, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры, онсыз адам – мәңгүрт».

5-оқушы: Ұлттық тіл әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыры. Онсыз халық – аты бар, заты жоқ тобыр.

6-оқушы: Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

7-оқушы: Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

5 –сайыс: Өлең жазып үйренейік.

-------------------------------------------қарады,

-------------------------------------------тарады.

-------------------------------------------теңеймін,

-------------------------------------------бөлеймін.

-------------------------------------------билейді.

-------------------------------------------тимейді.

8-оқушы: Ей, туған тіл, ей әсем тіл,

Ата-анамның бал тілі.

Көп нәрсе ұқтым дүниеден,

Туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде,

Бесік жырын жырлаған.

Ұзақ түндер апам айтқан,

Ертегілер тыңдағам.

10-оқушы: Ей, туған тіл!

Ертелі-кеш қуатыңмен өзіңнің

Қаршадайдан шаттығымды,

Қайғымды да, сезінем.

Ей, туған тіл!

Туған тілде айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырда

Жарылқа деп, құдірет.

6-сайыс: «Айтар тілек, ұсыныс»

Әр топ «Мемлекеттік тілге деген ұсыныстары мен тілектерін» газет бетіне жариялаулары қажет.Жұмыстарын қорғау

ІY. Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі .

Жүргізуші: Тіл байлығы — әр елдің мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалған, баға жетпес мұра. Олай болса, ана тілімізді құрметтеп, қадірлейік. Тіл болашағы біздің қолымызда!

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083471

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар